🎄 ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕСІН ТОЙЛАУҒА ШАРИҒАТ ҚАЛАЙ ҚАРАЙДЫ? بسم الله الرّحمن الرّحيم الحمد لله رب العالمين والصلاة و السلام علي رسولنا محمد و علي اله و صحبه اجمعين Аса Қамқор, Ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын. Барлық мақтау Әлемдердің Раббысы Аллаға тән. Сондай-ақ, Оның сүйікті Елшісі Мұхаммадқа, оның сахабалары мен соңынан ергендерге Алла Тағаланың игілігі мен сәлемі болсын! Содан соң, Қияметтің жақындауы себебінен жер бетінде бүліншіліктер белең алып, шайтанның соңынан ергендердің қатары күннен күнге көбеюде. Алла Тағала Құранда ескертеді: «Әй, мүміндер, шайтанның ізіне ермеңдер. Кім шайтанның іздеріне ерсе күдіксіз ол ұятсыздықты, жамандықты меңзейді». (Нұр сүресі, 21-аят) Жақын күнде, азғындық пен жамандықтың сауыты сөгіліп, көптеген адамдар күнәға белшесінен батар, күнтізбеде «қызыл түспен» боялған Жаңа Жыл мейрамы келе жатыр. Қазіргі таңда біздің қоғамда бұл мерекеге қатысты түрлі пікір қалыптасқан. Мұсылмандардың бір тобы бұл мерекені тойлауды дұрыс деп білсе, бір тобы жаңа жылды тойлау шариғат шеңберіне қайшы келеді деген уәжді алға тартады. Осындай пікір қайшылығының туындауы нәтижесінде мұсылмандар арасында соңғы уақытта талас-тартыс жиі орын алғанына куә болуымыз себепті бүгінгі мақаламызды осы тақырыпқа арнауды жөн көрдік. ➡ Мақаланы толық оқу үшін төмендегі құжатты жүктеңіз.

Теги других блогов: шариғат Жаңа Жыл мереке